25 сәуір 2022 17:31

Қазақстан Интерполы қашып жүрген ер адамды Бішкекте ұстады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:interpol.int Фото:interpol.int

Қазақстан ІІМ Интерполының Ұлттық орталық бюросы Қырғызстанның құқық қорғау органдарымен бірлесіп, Бішкекте Түркия азаматын ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

40 жастағы ер адам республиканың мемлекеттік шекарасы арқылы 488 миллион теңгеден астам соманың бағалы металдарын экономикалық контрабанда жолымен өткізгені үшін іздеуде болғаны айтылды.

"Түркия мен Қазақстан азаматтарынан құралған қылмыстық топ Ыстамбулға алтынды аса ірі көлемде декларациясыз өткізу үшін "Нұр-Сұлтан" халықаралық әуежайының "зарарсыз аймағынан" үшінші тұлғаны өткізуді ұйымдастырған", - деді тәртіп сақшылары. 

Қазіргі уақытта сотталушы қамауға алынған, оны Қазақстанға экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети