Қазақстанда ақтау үкімі үшін қанша полицей мен прокурор жазаланды?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

ҚР Бас прокуратурасы мен Ішкі істер министрлігінің өкілдері соттың ақтау үкімін шығарғаннан кейін қызметкерлерінің қалай жазаланатынын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

ҚР Бас прокуратурасы мен Ішкі істер министрлігінің өкілдері соттың ақтау үкімін шығарғаннан кейін қызметкерлерінің қалай жазаланатынын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ақтау үкімі шыққаннан кейін прокуратураның 13 қызметкері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Біреуі қызметіне толық сәйкес емес деп танылды. Ал бір іс бойынша қызметтік тексеріс жүріп жатыр. Екі жағдайда қызметкерлердің кінәсі болған жоқ. Бес іс бойынша жауапкершілікке тарту мәселесі қаралмады. Себебі олар жұмыстан өз еркімен шығып, әкімшілік жауапкершілікке тарту мерзімі өтіп кетті", - делінген Бас прокуратураның Tengrinews.kz жолдаған ресми сауалға берген жауабында.

Құқық қорғау органының мәліметінше, 9 іс бойынша 12 адамға қатысты кассациялық наразылық білдіру шарасы қолданылды.

"Сондықтан прокуратура қызметкерлеріне қатысты тек жедел кеңестер өткізіліп, жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылмады", - деді Бас прокуратура өкілдері.

Сондай-ақ, Бас прокуратураның мәліметінше, Қазақстан соты 2017 жылдың 11 айында бар-жоғы 51 адамды ғана ақтап шыққан. Осы уақыт аралығында 26 492 іс қаралған. Олардың 25 371-і прокурордың қатысуымен өткен. 12 739 іс тоқтатылған. Ал сотқа барлығы 44 192 іс келіп түскен.

"2017 жылдың 11 айында Қазақстан сотындағылар 39 қылмыстық іс бойынша 51 адамды ақтап шықты. Астанада - 8 адам, Алматыда - 4, Ақтөбеде - 6, Ақмолада - 10,  ШҚО-да - 6, Жамбыл облысында - 5, Қарағандыда - 4, Қостанайда - 4, ОҚО-да - 4 адам", - деді ҚР Бас прокуратурасындағылар.

Сондай-ақ, сотта прокурорлардың айыптаулардан бас тартқаны айтылады.

ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаевтің мәліметінше, 2017 жылдың 11 айында сот 36 адамды ақтап шықты. Оның айтуынша, ішкі істер органының 30 қызметкері әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оның 11-і бөлімше басшылары.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro