13 қыркүйек 2021 10:12

Қазақстанда қару-жарақ сатып алу және сақтауға қатысты іс көбейген

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Brett Hondow/Pixabay Фото: Brett Hondow/Pixabay

Қазақстанда қару-жарақ пен оқ-дәрілерді сатып алуға және сақтауға байланысты қылмыстық істер саны 43 пайызға жуық көбейген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ranking.kz басылымына сілтеме жасап.


Қазақстанда қару-жарақ пен оқ-дәрілерді сатып алуға және сақтауға байланысты қылмыстық істер саны 43 пайызға жуық көбейген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ranking.kz басылымына сілтеме жасап.

Қаңтардан шілдеге дейін Қазақстанда қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алуға, беруге, өткізуге, сақтауға, тасымалдауға немесе алып жүруге байланысты 874 қылмыстық құқықбұзушылық тіркелген.

Қару-жарақ пен оқ-дәрілерді ұрлау және бопсалау жағдайлары бойынша 13 іс тіркелген. Қару сақтау арқылы өрт қауіпсіздігі заңбұзушылықтары бойынша - 63 іс (28,6 пайызға өсу).

Бұл ретте 2021 жылдың басынан бастап қаруды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды күзету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау жағдайлары тіркелген жоқ.

Алматыда қару-жарақ пен оқ-дәрілерді сатып алуға және сақтауға байланысты істердің басым бөлігі тіркелген - 140 жағдай, былтырғымен салыстырғанда 2,1 есе көп. Көшбасшылар қатарында Шығыс Қазақстан облысы да бар.

Нұр-Сұлтанда сектордағы өрт қауіпсіздігі талаптары жиі бұзылған: жыл басынан бері 18 жағдай - бір жыл бұрынғыға қарағанда 80 пайызға көп. Сондай-ақ, Солтүстік Қазақстан (9 жағдай), Ақтөбе және Атырау облыстарында (әр өңірде 6 жағдай бойынша) заңбұзушылықтар байқалған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети