24 қараша 2022 15:07

Қазақстанда Үндістан азаматын ұрлап әкеткендер ұсталды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандылық полицейлер Үндістан азаматын ұрлап әкеткендерді ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.


Қарағандылық полицейлер Үндістан азаматын ұрлап әкеткендерді ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды полициясына Үндістанның 27 жастағы азаматы арызбен шағымданып, белгісіз біреулер күштеп автокөлікке отырғызып, Астана қаласына алып кеткені туралы хабарлаған. Елордада шетел азаматын пәтерге апарып, қорқытып, күш қолданып, босату үшін 200 мың АҚШ долларын талап еткен.

"Қарағанды облыстық Полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлерімен жүргізілген арнайы жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Астана қаласындағы жалдамалы пәтерлердің бірі анықталып, ол жерден бопсалау, адамды ұрлап әкету күдігімен жастары 26 мен 34 жас аралықтарындағы төрт өзбекстандық азамат ұсталды. Қазіргі уақытта адам ұрлау, заңсыз бас бостандығынан айыру және бопсалау баптарымен соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", – деді Қарағанды облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети