17 тамыз 2019 14:00

Қазақстандық жігіттің Түркияда соққыға жығылуы - Консул іске араласты

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Белек. Түркия. Сурет: Кристина Новикова Белек. Түркия. Сурет: Кристина Новикова

Түркияның түнгі клубында қазақстандық туристі соққыға жығу ісіне Қазақстанның Түркиядағы консулдығы араласты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Түркияның түнгі клубында қазақстандық туристі соққыға жығу ісіне Қазақстанның Түркиядағы консулдығы араласты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстан Республикасының Анталиядағы вице-консулы бізге қонақ үйге келді. Қазіргі уақытта ҚР консулдығы бізге моральды жағынан белсенді түрде қолдау көрсетіп жатыр. Қоңырау шалып, қалымызды сұрайды. Қазақстан тарапынан тәжірибелі заңгердің қатысуымен белсенді жұмыс басталды. Біз барлық жағынан қолдау тауып отырмыз. Біздің заңгерлер сол кеште түрік полицейлері баяндамада оқиғаны дұрыс сипаттамағанын анықтады. Тексеру және медициналық қорытынды үшін көлік ұйымдастырылды. Біздің консулдыққа өз азаматтарына осындай қамқорлық көрсеткені үшін өте ризамын", - деді зардап шеккен жігіттің анасы Кристина Новикова.

Әйел ұлын соққыға жыққан кінәлі адамдар жазасын алады деп үміттенеді.

"Менің ұлым - 18 жастағы жас жігіт. Мен айтарлықтай қатал анамын. Ұлым да үнемі түнгі клубта жүретін адамдардың қатарында емес. Сол күні ол бір сағатқа клубқа баруға сұранған. Рұқсат еткенімді өкінемін. Осыған өзімді кіналаймын", - дейді ол.

Еске салсақ, Түркияда түнгі клуб күзетшілері Қазақстан турисін соққыға жыққан еді. Жәбірленуші Павел Новиковтың анасы Кристинаның айтуынша, оқиға 16 тамызда кешкі уақытта Белекте болған. Жігіт қонақүй маңындағы түнгі клубқа барған. Түнгі клуб иесіне жігіттің қыздармен билеп жатқаны ұнамаған көрінеді. Бес күзетші жігітті сыртқа шығарып, соққыға жыққан. 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети