14 қараша 2018 17:14

Қазақстандық шенеуніктердің қос азаматтығы бар-жоғын тексеру керек - депутат

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрация © Тengrinews.kz Иллюстрация © Тengrinews.kz

Мәжіліс депутаттары ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтан мемлекеттік қызметкерлерде, адвокаттарда, нотариустар мен сот орындаушыларында қос азаматтық бар-жоғын анықтауды өтінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мәжіліс депутаттары ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтан мемлекеттік қызметкерлерде, адвокаттарда, нотариустар мен сот орындаушыларында қос азаматтық бар-жоғын анықтауды өтінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"ӘҚБК-да қос азаматтық үшін 100-200 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған (240-480 мың теңге - Авт.). Егер ондай тұлға мемлекеттік қызметте болса, айыппұлдың көлемі 300 АЕК болады (721 мың теңге - Авт.). Мемлекеттік қызметкерлердің, адвокаттардың, заңгерлердің әрекеті заңды біле тұра, жауапкершілікті сезіне тұра бұзу, ол өзі су ішіп отырған құдығына түкіретін қосмекенділердің әрекетіндей көрінеді", - деді депутаттық сауалда мәжілісмен Берік Дүйсембинов. 

Дүйсембинов мысал ретінде ақтөбелік адвокатты келтірді, ол өзінің қос азаматтығын 18 жыл бойы жасырып келген.

"Кепілдендірілген заңды көмек шеңберінде Валерий Кубенко бюджеттен 5 миллион теңге алған. Ол ҚР СІМ арқасында ғана жауапкершілікке тартылды. 2016 жылы 400-ден аса, 2017 жылы 600-ден аса, 2018 жылы 10 айда 527-ден аса қос азаматтық дерегі анықталды. Олардың арасында қанша заңгер, адвокат, мемлекеттік қызметкер бар және тағысын тағы? Мемлекеттік қызметкерлерде, адвокаттарда, нотариустар мен сот орындаушыларда, сонымен қатар, билік өкілінің міндетін атқарушыларда қос азаматтық бар-жоғын анықтауды және осы аталған тұлғаларға қос азаматтығы үшін қылмыстық жауапкершілікті қарастыруды өтінеміз", - деді депутат Қасымовқа.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети