Қазақстандықтар көліктері қалай тоналатынын айтып берді

25 Шілде 2018, 13:52
0
Қазақстандықтар көліктері қалай тоналатынын айтып берді - © smi44.ru
© smi44.ru

Алматы мен Астана тұрғындары көліктерінен көбіне қандай заттардың ұрланатынын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Көлік иелерінің айтуынша, көбіне видеотіркеу құрылғылары, дөңгелектер, құжаттар және ақша жоғалып жатады.

Алматылық Елена Ауманның отбасын екі рет тонап кеткен екен.

"Бізге видеотіркеу құрылғысын сыйлаған еді, содан әкем оны анамның көлігіне орнатып берді. Бұл оқиға Зенков-Құрманғазы көшелерінің қиылысында болды. 23 шілдеде орнаттық, бірақ 24 шілдеде көліктің белгісіз біреулер көліктің терезесін қиратып, видеотіркеу құрылғысын алып кеткен. Кейіннен Медеу ауданының полициясына арыз қалдырдық", - дейді алматылық қыз.

Ал 2018 жылдың 5 тамызында алматылық қыздың өзін тонап кеткен. Елена Ауман самокатпен Назарбаев даңғылы мен Қазыбек би көшелерінің қиылысына келгенде бағдаршамның қызыл түсі жанған кезде белгісіз біреулер оның ұялы телефонын ұрлап кетіпті.

"Мен бағдаршамға тоқтаған кезде қасыма бір бала келіп, самокат жайлы сұрай бастады, ал екінші біреуі менің ойымды бөліп жатқандай болды. Сөйтіп телефонымды ұрлап кетті. Сол күні Ыстықкөлге кеттім. Кейіннен ұрылар менің атымнан чаттарға ICloud-ты ұмытып қалғанымды жазған. Бірақ Алматыға келе салысымен Медеу аудандық ІІБ-не арыз жаздым", - дейді  Елена Ауман.

Астаналық Қарлыға Жанұзақова да ұрылардың құрбаны болғанын айтады. Белгісіз біреулер түнгі уақытта оның көлігінің дөңгелектерін шешіп алып кеткен. Бұл оқиға Кенен Әзірбаев көшесінде болған.

"Артқы дөңгелектерін шешіп алған. Біз бірден Алматы аудандық ІІБ-не арыз жаздық. Қазір ұрыларды іздестіріп жатыр, әлі тапқан жоқ", - дейді Қарлыға Жанұзақова.

Алматылық Айбек Елемесов болса көлігінде тұрған жеке құжаттары мен ақшасын таппай қалған.

"10 шілдеде сағат 15.37-де көлігімді Әуезов ауданы Нұрмаханов көшесі №25 үйдің алдына қойып кеттім. 13 минуттан соң келсем көлік ішінде тұрған әмияным мен құжаттар жоқ. Бірақ видеобақылау камералары осы қылмысты жасаған адамды анықтады", - дейді Айбек Елемесов.

Instagram желісіндегі Кris_p_almaty паблигінде де қолданушылар көліктерінен заттар ұрланып жатқанын хабарлап жатыр. Мысалы, Көкжиек ықшамауданында көлік иесінен фараларын және парктронигін ұрлап әкеткен.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай