16 қыркүйек 2020 11:42

Қазақстандықтарды 1,5 миллион теңгеге алдап кеткен алаяқ Таразда ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тараз қаласының полицейлері Қазақстанның әр облысының тұрғындарын 1,5 миллион теңгеден аса сомаға алдап кеткен алаяқты ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері бірқатар алаяқтық дерегін жасағаны үшін Тараз қаласының 29 жастағы тұрғынын ұстады, ол халықтың ақшасын көбейтемін деп сенімге кіріп, олардың ақшаларын алдап алған.

"Алдын ала тергеу барысында Қазақстанның түкпір-түкпірінен алтыдан аса адам алаяқтан зардап шеккен. Олар жалпы сомасы 1,5 миллион теңгеден аса қаражат аударған. Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігі (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети