03 мамыр 2022 15:35

"Көк Төбе" телемұнарасын басып алғысы келген күдікті ұсталды - Бас прокуратура

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Әлихан Сариев Фото Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Бас прокуратура өкілі қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде Алматыдағы "Көк Төбе" телемұнарасын басып алғысы келген күдікті ұсталғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бас прокуратура өкілі қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде Алматыдағы "Көк Төбе" телемұнарасын басып алғысы келген күдікті ұсталғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"6 қаңтарда Алматыда "Көк Төбе" телемұнарасын басып алуға тырысқан қаңтар оқиғасына қатысушы анықталды. Оның стратегиялық нысанды иеленудегі негізгі мақсаты жалған ақпарат тарату арқылы азаматтарды көшеге шығуға үгіттеу үшін теледидар мен радиоарналардың жұмысын бақылау болған", - деді Бас прокуратураның бірінші қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов ОКҚ брифингінде.

Күдікті сот санкциясымен қамауда ұсталады.

Еске салайық, бұған дейін Бас прокуратура өкілі қаңтардағы тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды деген күдікке қанша қазақстандық ілінгенін айтқан болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети