15 сәуір 2020 14:45

Көкшетауда төтенше жағдай кезінде жезөкшелер қызмет көрсеткен сауна әшкере болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: informus.ru Фото: informus.ru

Көкшетауда төтенше жағдай кезінде жезөкшелер қызмет көрсеткен сауна әшкере болды, - деп хабарлайды Polisia.kz.


Көкшетауда төтенше жағдай кезінде жезөкшелер қызмет көрсеткен сауна әшкере болды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Дереккөз мәліметінше, сауна 15 сәуірде полицейлер жүргізген рейд барысында анықталған.

"Тексеріс кезінде саунада әкімші мен интим қызмет көрсететін үш қыз болды. Сондай-ақ, жедел қызметтегілер қыздарды түнгі уақытта саунаға жеткізген такси жүргізушісін анықтады. Жолаушы қыздар оны қосымша арқылы тапқан", - делінеді хабарламада.

Төтенше жағдай режимін бұзған саунаның 49 жастағы әкімшісі мен интим қызмет көрсеткен 21-28 жас аралығындағы қыздар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Полицейлер ұсталған қыздарды есепке қойды.

Сондай-ақ, 31 жастағы жүргізушінің де жазаланғаны айтылады. Оның Toyota Camry көлігі айыппұл тұрағына жеткізілген.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети