30 наурыз 2021 09:18

Қоқыс жәшігіндегі мәйіт: ер адамды өлтірді деген күдікпен павлодарлық әйел ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: uganka.ru Фото: uganka.ru

Павлодар қаласының орталығында қоқыстан 38 жастағы ер адам өлі табылды. Дене кілемге оралған. Полиция оқиғаның егжей-тегжейін анықтап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Astana.tv телеарнасына сілтеме жасап.


Павлодар қаласының орталығында қоқыстан 38 жастағы ер адам өлі табылды. Дене кілемге оралған. Полиция оқиғаның егжей-тегжейін анықтап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Astana.tv телеарнасына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде қала орталығында қоқыс жәшігінен мәйіт табылды деген видео пайда болды. Бір тәуліктен кейін полиция қызметкерлері мәйіттің 38 жастағы ер адам екенін растады. Денесі кілемге оралған. Оны қоқыс жәшігіне жақын маңдағы көпқабатты үйдің тұрғындары тапқан. Бірақ ер адам ол үйде тұрмағанын айтты.

"Мәйіт біз тұратын үйден емес, көрші үйден екен. Басқа ештеңе естімедім. Білмеймін", - деді Павлодар қаласының тұрғыны.

Полиция денеден зорлық-зомбылық белгілерін анықтады. Марқұмның асқазанына пышақ тығып алған. Күдікті әйел ұсталды.

"Осы қылмысты жасады деген күдікпен жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде 50 жастағы әйел ұсталды. Анықталған факт бойынша ҚР ҚК-ның 99-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - деп хабарлады Павлодар облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети