04 мамыр 2021 18:17

Қостанай облысында жасөспірім екі қызға оқ атқан

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: RYZHOV/DEPOSITPHOTOS.COM Фото: RYZHOV/DEPOSITPHOTOS.COM

Қостанай облысында пневматикалық мылтықтан екі қыз жарақат алды. Полицейлер оқ атқан күдіктіні анықтады, ол 15 жастағы жасөспірім болып шықты, - деп хабарлайды Аlau.kz.


Қостанай облысында пневматикалық мылтықтан екі қыз жарақат алды. Полицейлер оқ атқан күдіктіні анықтады, ол 15 жастағы жасөспірім болып шықты, - деп хабарлайды Аlau.kz.

Басылым мәліметіне сүйенсек, оқиға 3 сәуірде болған. 17 және 25 жастағы тұрғын білек және жамбас тұсындағы жарақатпен аурухананың қабылдау бөліміне жеткізілген. Тергеу барысында қыздардың Маясова көшесінде жарақаттанғаны анықталған. Зардап шеккендер ауруханаға барып, дәрігер көмегіне жүгінген. Оларға алғашқы медициналық көмек көрсетілді.

Полиция қылмысқа күдікті 15 жастағы жасөспірімді анықтады. Оның үйінен әкесіне тиесілі пневматикалық мылтық тәркіленді, деп жазады Аlau.kz.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 107-бабы "Денсаулыққа қасақана орташа зиян келтіру" бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Портал мәліметі бойынша, оқиға орнында пневматикалық қарудан оқ атылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети