04 наурыз 2020 18:03

Қостанай облысында зорланған қыздың оқиғасы: 14 ер адамға қатысты іс сотқа жетпеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет © рixabay.com Көрнекі сурет © рixabay.com

Қостанай облысы, Екідін аулында 14 ер адамға қатысты қылмыстық іс ақыры сотқа жетпеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қостанай облысы, Екідін аулында 14 ер адамға қатысты қылмыстық іс ақыры сотқа жетпеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы облыстық Полиция департаменті мәлімдеді. Тергеу кезінде 22 жастағы қызды зорла деген күдікке ілінген ер адамдар оның баласының биологиялық әкесі болып шықпаған. Алайда жәбірленушінің алыс туысы қызбен интим қатынаста болғанын мойындаған. 

"Ауыл тұрғынының сөзінше, жәбірленуші туысымен өз еркімен бірнеше рет интим қатынаста болған. Олар бір ауылда тұрады, алыс туыс болып шықты. Бірақ қыз шағым жазған кезде оны айтпаған. Сондықтан алғашында баланың әкесін анықтай алмадық. Басқа күдіктілер бойынша сараптама жүргізілді, бірақ сәйкестік анықталмады", - дейді Қостанай облысының ПД тергеу бөлімінің басшысы Нұрлан Арыстанов. 

Департамент мәліметінше, қылмыстық іс қозғалған кезде 14 үлгі сараптамаға жіберілген. Екінші рет 24 үлгі жіберілген. Сөйтіп, сараптамаға барлығы 30 миллион теңге кеткен. 

Баланың әкесі анықталғаннан кейін, полицейлер жәбірленушіні адвокатымен бірге бірнеше рет шақырғанымен келмеген. 

Еске салайық, 2018 жылдың мамырында адвокат Айман Умарова 22 жастағы қыздың зорлануы туралы істі қолына алған. Адвокаттың сөзінше, 2017 жылы шілдеде 14 ер адам жәбірленушіні зорлаған. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети