16 сәуір 2020 12:09

Қостанайда Өзбекстан азаматы полицейге 3 мың теңге пара ұсынған

Рахиля Тілеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет: Тұрар Қазанғапов Көрнекі сурет: Тұрар Қазанғапов

Атырау және Қостанай облыстарында Өзбекстан азаматтары патрульдік полиция қызметкерлеріне пара ұсынған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Атырау және Қостанай облыстарында Өзбекстан азаматтары патрульдік полиция қызметкерлеріне пара ұсынған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аппарат басшысы Қуаныш Жапақов онлайн-брифингте айтты.

"2020 жылғы 10 сәуірде Атырау облысының соты патрульдік полиция инспекторына 10 мың теңге пара беру фактісі бойынша Өзбекстан Республикасының азаматы Э.Юлдашевқа қатысты үкім шығарып, Юлдашевқа 100 мың теңге айыппұл салды. Дәл осы күні, Костанай аудандық соты осыған ұқсас 3 мың теңге сомасында пара беру фактісі бойынша Өзбекстан Республикасының азаматы И.К.Илхомовқа 22 500 теңге айыппұл салды", - деді Қуаныш Жапақов агенттіктің Facebook парақшасында өткен онлайн-брифингте.

Сонымен қатар, Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімдігінің есепшісі 2 жыл бойы өзіне 1 миллион теңгеге жуық ақшаны негізсіз аударғаны үшін екі жылға сотталған.

"14 сәуірде Ақмола облысының Зеренді аудандық соты 2 жыл бойы жалпы сомасы 979,5 мың теңге болатын төлемді өзіне негізсіз аударғаны үшін "Зеренді ауданы әкімдігінің шаруашылық басқармасы" ҚММ бас бухгалтері Е.А.Нуянзинаға қатысты мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырылу және 2 жыл бас бостандығын шектеу туралы үкім шығарды", - деді аппарат басшысы.
 

Еске салайық, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі апта сайын елімізде тіркелген сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлап отырады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети