05 қазан 2018 17:01

Қостанайдан қашып кеткен ҰҚТ басшысы Қырғызстанда ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қазақстанның және Қырғызстанның құқық қорғау органдары іздестірген аса қауіпті ұйымдасқан қылмыстық топтың басшысы Қаракөл қаласының аумағында ұсталды, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz тілшісі Қырғызстанның ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстанның және Қырғызстанның құқық қорғау органдары іздестірген аса қауіпті ұйымдасқан қылмыстық топтың басшысы Қаракөл қаласының аумағында ұсталды, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz тілшісі Қырғызстанның ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, милиция Талас облысының тумасы, 1986 жылғы Жылдызбек Бекмырзаевты 2018 жылдың 5 қазанында ұстады.

Бекмырзаев осыған дейін қарақшылық, зорлық, тонау деректері бойынша бірнеше рет сотталып, аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін іздеуде болған еді. Ұйымдасқан қылмыстық топтың басшысын ұстауға бағытталған арнайы операция бір айға созылған.

Ер адамды ұстау кезінде гашиштің 20 қорабы табылған.

Қылмыстық топтың басшысына дейін 2018 жылдың тамызында топтың басқа да мүшелері ұсталған болатын. Олардың бірі Ыстықкөл ауданының 1993 жылғы тұрғыны. Ол ұрлық, қарақшылық, бұзақылық, есірткімен ұсталып, бірнеше рет сотты болған. 

Қырғызстанның ІІД өкілдерінің сөзіне қарағанда, Бекмырзаев бастаған қылмыстық топ 2018 жылдың маусымында Ленин ауылындағы ақша айырбастау орындарының бірін тонап кеткен. Ол жерді тонағанға дейін қаскөйлер такси жүргізушісін өлтіріп кеткен. 

Ал 2017 жылы қылмыстық топ мүшелері Бішкек пен Шу облысы аумағындағы мекемелер мен ұйымдарға қарақшылық шабуыл жасап, аса ірі көлемде ақша жымқырған. Бұдан бөлек бірнеше қару ұрлап кеткен.

Сол жылдың ақпанында олар Бішкектегі  "Цзи Сянь" мейрамханасына, наурыза сақтандыру компаняиларына , ал сәуірде бірнеше қару тонап кеткен. Ұйымдасқан қылмыстық топтағылар жалпы есеппен 9 қылмыс бойынша айыпталып отыр.

Қазіргі уақытта жедел-тергеу шаралары жалғасып жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети