05 наурыз 2017 13:20

Қостанайлық дәрігерді өлтіруге тапсырыс берді деген күдікпен ұсталған әріптесі екі айға қамалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанай облысының соты облыстық психиатрлық аурухананың бөлім жетекшісі Зәуреш Изалдинаны екі айға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады. Оған өз әріптесі, амбулаторлық сот-психиатрлық сараптаманың төрағасы Рашида Сандыбаеваны өлтірді деген күдік келіп отыр, - деп хабарлайды "Наш Қостанай".


Қостанай облысының соты облыстық психиатрлық аурухананың бөлім жетекшісі Зәуреш Изалдинаны екі айға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады. Оған өз әріптесі, амбулаторлық сот-психиатрлық сараптаманың төрағасы Рашида Сандыбаеваны өлтірді деген күдік келіп отыр, - деп хабарлайды "Наш Қостанай".

Сотта Изалдина Гафаров деген біреуді атады. Айтуынша, Сандыбаеваны өлтіруге осы адамның қатысы бар.

"Мен бұл қылмысты жасаған жоқпын. Қылмысқа кімнің қатысы болуы мүмкін екенін ойлай бастағанымда Гафаровтан қорықтым. Тіпті 27 ақпанда өз үйімнің ауласынан көргендей болдым", - деп мәлімдеді Изалдина сотта. 

Судья Нұрсаит Әбдіров ұсталған азаматшаға тергеу судьясының айыпты немесе айыпты емес екенін емес, бұлтартпау шарасы қандай болатынын шешетінін айтып түсіндірді. Алайда дәрігер көп уақыт сөйлеп, жылап, соттан үй қамауын таңдауды сұрады, себебі, айтуынша, 11 жастағы қызы бар. 

"Гафаров мені кінәлі көрсету үшін жасап отыр", - деді ол. - Ол маған ұнайтын, бірақ өлтір деп сұраған жоқпын". Соңында Гафаров Сандыбаеваны өлтіру ісі бойынша ресми түрде іздеуге салынды. 

Еске салайық, 20 ақпанда бас дәрігер Рашида Сандыбаева өлі табылған еді. Оған өз пәтерінде шабуыл жасалған. Оған белгісіздер 30 рет пышақ ұрған. Туыстары мен жақындарының айтуынша, жарақаты бұдан да көп болған. "Жәбірленушінің бетінен жарақаты көрініп тұрды, кастетпен ұрған сияқты. Денесінде сау жері жоқ. Рашида Қоахметқызының тойтарыс бергісі келгенін, босап шығуға әрекеттенгені көрініп тұр", - деді марқұмның құрбысы.  

Ал бір апта өткеннен кейін полицейлер осы қылмысты жасады деген күдікпен үш адамды ұстады, олардың ішінде 1977 және 1991 жылғы екеуі қамауға алынды. Үшіншісі, бейресми мәлімет көздерінің сөзі бойынша, Талғар емханасының емделушісі екен. Қазіргі уақытта ол қамауға алынбаған. Күдіктілерді полицейлер бейнебақылау камералары арқылы тапқан. Кісі өлтіргеннен кейін екеуі қаладан қашып кеткен, олар Қарағандыдан ұсталды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети