"Құлағынан сырғасын жұлып алған". Алматыда зейнеткерлерді тонаған ер адам ұсталды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Құлағынан сырғасын жұлып алған". Алматыда зейнеткерлерді тонаған ер адам ұсталды Видео кадры

Алматыда зейнеткерлерді тонаған ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Алматыда зейнеткерлерді тонаған ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

37 жастағы қарақшы куәгерлерге қарамастан, зейнеткерлерге шабуыл жасаған. Оның іс-әрекеті бейнебақылау камераларына түсіп қалған.

"Қаскөй өзіне қарсы тұра алмайтын, 60 жастан асқан әйелдерді ғана тонаған. Күдікті қамауға алынды. Ол 37 жастағы Б. есімді азамат. Еш жерде жұмыс істемейтін, бұрын сотты болған ер адам әжелердің сырғасын ломбардқа тапсырып, одан түскен ақшаны өз қажеттілігіне жұмсағанын айтты. Дерек бойынша көп эпизодты қылмыстық іс қозғалып жатыр", - деді Алмалы аудандық Полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.

Портал мәліметіне сүйенсек, Түркістан облысының тумасы Алматыға жұмыс істеуге келген екен. Қалада жалдамалы пәтерлерде тұрған. Ол бұрын да осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін сотталған.

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған, ал тергеушілер оның осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также

Валюта бағамы

 486.16   555.05   6.51 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +26
Астана +27
Ақтау +27
Ақтөбе +25
Атырау +31
Б
Балқаш +28
Ж
Жезқазған +26
Қ
Қарағанды +26
К
Көкшетау +24
Қ
Қостанай +31
Қызылорда +31
П
Павлодар +24
Петропавл +31
С
Семей +31
Т
Талдықорған +28
Тараз +32
Түркістан +26
О
Орал +29
Ө
Өскемен +29
Ш
Шымкент +27

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер