27 наурыз 2015 17:12

Қылмыстық топ Қазақстаннан Ресейге 90 келі героин өткізбек болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©РИА Новости ©РИА Новости

Қылмыстық топ Павлодар облысында Ресейге 90 келі героин өткізбек болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК облыстық департаментіне сілтеме жасап. Қылмыскерлер героинді Мәскеуге жеткізгісі келген.


Қылмыстық топ Павлодар облысында Ресейге 90 келі героин өткізбек болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК облыстық департаментіне сілтеме жасап. Қылмыскерлер героинді Мәскеуге жеткізгісі келген.

Есірткі заттары Қазақстанға Ауғанстаннан келген. Екі ер адам оны жеңіл автокөлікпен Павлодар арқылы Қарағандыға, содан кейін Ресейге жібермек болды. "Автомобильді тексеру кезінде жалпы құны 10 миллион долларға бағаланған 90 келі героин анықталып, тәркіленді", - деп хабарлады ҰҚК Павлодар облыстық департаментінің өкілдері.  

Тергеу мәліметіне қарағанда, Қазақстан мен Ресей территориясында бірнеше жыл бойында әрекет еткен қылмыстық топтың құрамына ұсталған қазақстандықтармен қатар, Ресейдің бес азаматы кірген. Оларды Ресейдің арнайы қызметі ұстады. Департамент өкілдерінің айтуынша, қазақстандық екі азамат героин тасымалдау бойынша айыпты деп танылып, 22 және 19 жылға бас бостандығынан айырылды.

Еске сала кетейік, осыған дейін Ақмола облысында героин сатып жүрген Ресей азаматшасы ұсталған болатын. Полицияға Ресей Федерациясының 38 жастағы азаматшасының Ақкөл қаласына қонаққа келіп, есірткі сатып жүргені туралы ақпарат келіп түскен. Облыстық ІІД есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері бірден әйелдің ізіне түсіп, көп ұзамай ақпарат расталды.

Ал оның алдында Қазақстан - Ресей шекарасында есірткінің ірі партиясының жолы кесілген еді. 34 келі героинді контрабандашылар Қазақстаннан Ресейге алып өтпек болған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети