18 ақпан 2015 10:18

Ресей азаматшасы Ақмола облысына героин сатуға келген

ПОДЕЛИТЬСЯ

©tushenka.info ©tushenka.info

Ақмола облысында героин сатып жүрген Ресей азаматшасы ұсталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Ақмола облысында героин сатып жүрген Ресей азаматшасы ұсталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицияға Ресей Федерациясының 38 жастағы азаматшасының Ақкөл қаласына қонаққа келіп, есірткі сатып жүргені туралы ақпарат келіп түскен. Облыстық ІІД есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері бірден әйелдің ізіне түсті. Көп ұзамай ақпарат расталды.

"17 ақпан күні аталған азаматша Ақкөл қаласында 5,35 грамм героин сатып жатқан жерінде қолға түсті", - делінген полицияның баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Күдікті тұрып жатқан үйді тінткен кезде есірткісі бар үш полиэтилен пакет табылды, жалпы салмағы - 270 грамға жуық. 

Бұл дерек бойынша ҚР ҚК 297-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта әйел қамауда отыр. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Астанада есірткі сатумен айналысатын екі адамның ұсталғаны хабарланған еді. Олардың бірі - 29 жастағы әйел, екіншісі - бұрын сотталған 28 жастағы ер адам. Ұсталғандар еш жерде жұмыс істемейді. "Олардың бұрын тұрған пәтерін тінткен кезде салмағы 1 келіден асатын героин есірткі заты табылып, тәркіленді. Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы қызметкерлерінің ақпаратына қарағанда, тәркіленген героин 3000-нан астам бір реттік дозадан тұрады", - делінген Астана ІІД баспасөз хабарламасында. Ұсталғандардың үстінен қылмыстық іс қозғалды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети