04 ақпан 2022 10:22

Қытайдан 100-ге жуық ішік алып өтпек болған тұрғын ұсталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Биылғы жылдың басынан бері Қырғызстаннан Қазақстан мен Ресейге халық тұтынатын тауар алып өту 3 есеге өскені байқалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы министрлігіне сілтеме жасап.


Биылғы жылдың басынан бері Қырғызстаннан Қазақстан мен Ресейге халық тұтынатын тауар алып өту 3 есеге өскені байқалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы министрлігіне сілтеме жасап.

"2022 жылғы 3 ақпанда тақырыптық салықтық тексеру жүргізу барысында Қырғыз Республикасының жүк көлігінен 3,6 мыңнан астам мәлімделмеген қымбат және салық салынатын тауарлар анықталды. Оның ішінде Қытай өндірісінің құжаттары мен таңбалары жоқ 98 бірлік тері бұйымдары (тон, ішік) бар.

Тауарға ілеспе құжаттарда ішіктің мәлімделмеуі ЕАЭО елдерінде міндетті түрде тері бұйымдарын таңбалаудың енгізілуіне байланысты деп болжанды. Сондай-ақ, тексеру жүргізу барысында тауарға ілеспе құжаттарда көрсетілмеген танымал бренд тауарлары анықталды", - делінген хабарламада.

Осы факт бойынша материалдар тиісті шаралар қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жіберіледі. Тауарларды ЕАЭО аумағында өткізудің заңдылығын белгілеу мақсатында Қырғыз Республикасының құзыретті органдарына сұрау салу жіберілетін болады.

Бизнес субъектілері тарапынан мұндай әрекеттер ЕАЭО бойынша әріптес елдердің бюджеттеріне залал келтіретінін атап өткен жөн, осыған байланысты алда бақылау күшейтіледі.

Еске салайық, бұдан бұрын ҚР ҚМ МКК Қырғызстаннан жалпы құны 1 миллиард теңгеден асатын "Apple" және "Samsung" фирмаларының смартфондары мен электрон құрылғыларын жүк бөлігінің ішінде әкелу әрекетінің жолы кесілгені туралы хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети