Қазақстан - Қытай мемлекеттік шекарасында үлкен көлемдегі тері өнімдерін өткізбек болған 38 жастағы әйел ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан - Қытай мемлекеттік шекарасында үлкен көлемдегі тері өнімдерін өткізбек болған 38 жастағы әйел ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Қорғас" бақылау-өткізу бекетінің шекара жасағы Шекаралық ынтымақтастықтың халықаралық сауда орталығынан жаяу келе жатқан әйелді тоқтатып, жүгін тексерген.
Тексеру кезінде әйелдің қара күзен терісінен тігілген 38 тонды жасырып өткізуге тырысқаны анықталды.
Аталған дерек бойынша өзара әрекеттес құқыққорғау органдарына хабар берілді.