04 маусым 2021 14:58

Қыздардан кек алмақ болған: Жезқазғанда ер адам оқушыны пышақтаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жезқазғанда мектеп оқушысын пышақтап кеткен ер адам ізін суытпай ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz басылымына сілтеме жасап.


Жезқазғанда мектеп оқушысын пышақтап кеткен ер адам ізін суытпай ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz басылымына сілтеме жасап.

3 маусымда кешке Қарағанды облысы Жезқазған қаласының ПБ-на 14 жастағы мектеп оқушысы пышақ жарақатымен медициналық мекемеге жеткізілгені туралы хабарлама түскен.

Жәбірленушінің айтуынша, оқиға үйінің жанында болған. Оған бейтаныс жігіт келіп, күтпеген жерден пышақ тығып алған. Кейін өзі қашып кеткен.

Учаскелік полицейлер ізін суытпай 20 жастағы күдікті ер адамды ұстады. Ол жәбірленушіге дене жарақатын салғанын мойындады.

Оның айтуынша, ол қыздармен қарым-қатынас орната алмаған және сол үшін олардан кек алуды ұйғарған. Осылайша қару алып көшеге шықанда бірінші болып жәбірленген қыз көзіне іліккен. 

ҚР ҚК-ның 293-бабы "Бұзақылық" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы таңдалған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети