13 сәуір 2020 15:33

Қызылорда облысында 20 келіден аса марихуана тәркіленді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: polisia.kz Сурет: polisia.kz

Қызылордалық полицейлер аса ірі мөлшерде есірткі тасымалдаған Жамбыл облысының тұрғынын ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.


Қызылордалық полицейлер аса ірі мөлшерде есірткі тасымалдаған Жамбыл облысының тұрғынын ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

36 жастағы жігіттің көлігінен 21 келіден аса марихуана мен 1 келіден көп гашиш табылды.

Бұл қылмыс 10 сәуірде белгілі болды. ҚР ІІМ және Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен өткен бірлескен жедел-профилактикалық іс-шаралары кезінде "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" тас жолының бойында Арал ауданының Шижаға елдімекені тұсында автокөлік тоқтатылды. Көлікті тексеру кезінде артқы жүк салғыштағы бензин багынан бірнеше пластик бөтелкелер шықты.

2 литрлік 8 дана, 1 литрлік 26 дана, 1,5 литрлік 1 дана ыдыстарға есірткі типтес жасыл түсті, иісті заттар салынған. Сараптама қорытындысы олардың кептірілген марихуана мен гашиш екенін анықтады.

Бүгінде күдікті Арал ауданы полиция бөлімінің уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынып, оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігінің 3-тармағына (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети