08 қаңтар 2021 15:21

Қызылорда облысында жұмысқа тұрғызуға уәде еткен алаяқ ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылорда облысында жұмысқа тұрғызамын деп жергілікті тұрғыннан 210 мың теңге алған алаяқ ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.


Қызылорда облысында жұмысқа тұрғызамын деп жергілікті тұрғыннан 210 мың теңге алған алаяқ ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақпарат бойынша, 6 қаңтарда алаяқтың құрбаны болған жергілікті тұрғын қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне келіп арызданған.

"Күдікті жәбірленушіге теміржол мекемесіне жұмысқа орналастыруға уәде беріп, қазанда одан 210 000 теңге алып кеткені білгілі болды. Бірақ көп ұзамай ақшаны алған күдікті телефон қоңырауларына жауап бермей, жұмысқа орналастыру туралы мәселе әлі де өз шешімін таппағандықтан жәбірленуші полицияға жүгінген", - делінген хабарламада.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 1982 жылы туған алаяқты ұстады.

Қазіргі уақытта аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының басшылығы тұрғындарға қырағы болуды және бейтаныс адамдарға сенбеу керегін ескертеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети