18 сәуір 2023 09:38

Қызылорда облысында шенеуніктер 543 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Антикор Қызылорда білім беру саласында миллиондаған жымқыру фактісін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Антикор Қызылорда білім беру саласында миллиондаған жымқыру фактісін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кейінгі уақытта білім саласында еңбекақы төлеу қорынан ақша жымқыру деректері сыбайлас жемқорлық тәуекелінің жоғары деңгейін көрсеткендіктен, осы салада жедел шара қабылдау қажеттілігі туындаған.

Қызылорда облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі, 2-тармағы бойынша Жаңақорған аудандық Білім бөлімінің басшысы мен бухгалтеріне қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр.

Олар білім беру мекемелерінің қызметкерлері болып табылмайтын тұлғалардың есеп-шоттарына еңбекақы түріндегі ақшалай қаражатты аудару арқылы 543 миллион теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді.

Қызылорда қаласының мамандандырылған тергеу сотының санкциясымен күдіктілер қамауға алынды.

Қылмыстық процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Сонымен қатар, Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрқайсысы кінәсіз деп есептеледі.

Облыстық білім басқармасы басшысы Мейрамбек Шермағанбеттің айтуынша, бұл ақпарат орта және арнаулы білім беру мекемелерінің 2020-2021 жылдардағы және 2022 жылдың бірінші жартыжылдығындағы еңбекақы төлеудегі заңсыздықтың нәтижесінде туындаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети