25 сәуір 2023 09:42

Қызылордада адам өліміне қатысы бар күдікті ұсталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылордада адам өліміне әкеп соқтырған денсаулыққа ауыр зиян келтірді деген күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ішкі істер министрлігінің Телеграм-арнасына сілтеме жасап.


Қызылордада адам өліміне әкеп соқтырған денсаулыққа ауыр зиян келтірді деген күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ішкі істер министрлігінің Телеграм-арнасына сілтеме жасап.

24 сәуірде полицияға қалалық ауруханадан 42 жастағы азаматтың жансақтау бөлімінде қайтыс болғаны туралы хабарлама түскен.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шарасын жүргізген. Тексеру барысында екі ер адамның өзара жанжалдасып, салдарынан жəбірленуші алған ауыр дене жарақаттарынан ауруханада қайтыс болғандығы анықталған.

"Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 106 - бабының 3- бөлігімен соталды тергеп-тексеру əрекеттері жүргізіліп жатыр. Бұл қылмысқа күдіктелген азамат оқиға орнынан бой тасалаған",- делінген хабарламада.

Жедел іздестіру шараларының нəтижесінде күдікті, 38 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Ол УҰИ-ға қамалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мəн-жайы анықталып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети