Қызылордада автокөлік ұрлағандар ұсталды

07 Қыркүйек 2017, 17:36
0
Қызылордада автокөлік ұрлағандар ұсталды - © Tengrinews.kz
© Tengrinews.kz

Қызылордада автокөлік ұрлағандар ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қызылорда облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 2017 жылдың 6 қыркүйегінде түнгі сағат 01.40 шамасында Қалалық ішкі істер басқармасының кезекші бөліміне 27 жастағы тұрғын қоңырау шалып, үйінің ауласында тұрған Mercedes Benz маркалы автокөлігінің ұрланғаны жайлы хабарлаған.

"Жедел-іздестіру шараларына сол аумақта барлау жұмыстарын жүргізіп жүрген жол-патрульдік полиция батальоны қызметкерлері жұмылдырылып, нәтижесінде автокөлік қала көшелерінің бірінен анықталады. Оқиға орнынан 18 және 23 жастағы тұрғындар ұсталып, Қалалық ішкі істер басқармасына жеткізілді", - деп хабарлады ІІД өкілдері.

ІІД өкілдерінің мәліметінше, дәл осындай қылмыс 25 тамызда да тіркелген. Қала орталығындағы мейрамханалардың бірінің алдындағы автотұрақта тұрған 55 жастағы азаматтың Nissan Maxima маркалы автокөлігін белгісіз біреулер белгісіз бағытқа айдап кеткені белгілі болады. Жедел-іздестіру шаралары барысында автокөлік Есенов көшесі бойынан анықталады. Қылмысты жасады деген күдікпен 1986 жылы туылған қала тұрғыны анықталып, Уақытша ұстау абақтысына қамауға алынады.

Екі дерек бойынша да ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабы 1-бөлігі ("Автомобильді жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу") бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Осыған байланысты қызылордалық полицейлер облыс тұрғындары мен қонақтарына автокөліктерін үй аулаларына, гараждарға, автотұрақтарда қалдырған кезде қырағылық танытуына кеңес береді. Сондай-ақ, автокөлікті қараусыз қалдырмауды, қараңғы жерлерде ұзақ уақытқа тұраққа қоймауды, құжаттар мен құнды заттарды автокөлік ішінде сақтамауды ескертеді.

Көліктен аз уақытқа шыққан кезде де есіктері мен терезелерінің, жүксалғышының жабық екендігіне көз жеткізіп, кілтті тұтандыру тетігінде қалдырмауларын, мүмкіндігінше автокөлікті сақтандырып, айдап кетуге қарсы жүйені орнатуларын сұрайды.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай