17 тамыз 2016 16:57

Қызылордада мемлекет меншігіндегі жер учаскелерін заңсыз сатуға байланысты алаяқтық іс тергеліп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© komi-news.ru © komi-news.ru

Қызылордада мемлекет меншігіндегі жер учаскелерін заңсыз сатты деген күдікке ілінген азаматтарға қатысты іс зерттеліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қызылорда облысының ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ведомстводағылардың айтуынша, 2015 жылы өңірде осындай 9 қылмыс тіркелген болса, биылдың өзінде үш қылмыс тіркеліп отыр.

ІІД өкілдерінің мәліметінше, Қызылорда қаласының тұрғыны бірнеше азаматқа өзін жер комитетінде жұмыс істеймін деп, қысқа уақыт аралығында жер учаскесі құжаттарын заңдастырып беремін деп алдап, олардан түрлі сомадағы қаражатты алып, мемлекеттің жеке меншігіндегі жер учаскелерін заңсыз сатып отырған.

Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің "Алаяқтық" бабы бойынша қылмыстық іс жүргізіліп жатыр. Алаяқтыққа қатысты тағы бір дерек 2016 жылдың қаңтарында да тіркелген екен. Онда қаланың үш тұрғынынан олардың танысының жер учаскесін алып беремін деп әрқайсысынан 75 000 теңге көлемінде ақша алғаны жайлы арыз келіп түскен. Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің "Алаяқтық" бабы бойынша қылмыстық іс жүргізіліп жатыр.

"Егер де сіз алаяқтардың құрбаны болсаңыз, олардың уәдені қашан орындайтынын күтпей, шұғыл түрде ішкі істер органдарының өкілдеріне хабарлаңыздар", - деді Қызылорда облысының ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети