03 ақпан 2022 15:33

Лисаковтағы атысқа қатысты іс жабылды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Көршілеріне кіреберісте оқ атқан зейнеткерге қатысты қылмыстық іс оның қайтыс болуына байланысты жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Көршілеріне кіреберісте оқ атқан зейнеткерге қатысты қылмыстық іс оның қайтыс болуына байланысты жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Tengrinews.kz тілшісінің сұрауы бойынша прокуратура "Лисаковтағы атқышқа" қатысты қылмыстық іс оның өліміне байланысты тоқтатылғанын айтты: ер адам полицейлер қолынан жараланып, ауруханада қаза болған. Бірақ марқұмның кінәлі екені куәлардың айғақтары мен сот-медициналық сараптама қорытындысы бойынша толық дәлелденіп отыр.

Былтыр қыркүйекте Лисаков қаласының тұрғыны көршілерімен жанжалдасып қалып, мылтықтан оқ жаудырған. Полицейлер атқышты қарусыздандыру үшін қарсы оқ атқан. Алған жарақаттары салдарынан ер адам аурухананың қабылдау бөлмесінде қаза болған.

"Полиция қызметкерінің Т-ны ұстау кезінде арнайы құрал - табельдік қаруды қолдану фактісі бойынша 2021 жылғы 11 қарашада қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты ҚР ҚК-ның 362-бабы 4-бөлігі 2-тармағы ("Билік пен лауазымдық өкілеттікті асыра пайдалану") бойынша соталды тергеуді тоқтату туралы процессуалдық шешім қабылданды. Полиция қызметкерінің табельдік қаруды қолдану бойынша іс-әрекеті заңды және негізді деп танылды", - деді Қостанай облысының прокуратурасы өкілдері.

Атқыш зейнетке шыққанға дейін күзетші болып жұмыс істегені бегілі болды. Сондай-ақ, ол аңшылар мен балықшылар қоғамына мүше. Атыс қаруын сақтауға уәкілетті органның рұқсаты болған. Әйелінің айтуынша, ол аңшылық үшін мылтық сатып алған. Ол психиатриялық диспансерде есепте тұрмаған.

Айта кетейік, ер адам Лисаков қаласындағы тұрғын үйдің кіреберісінде атыс шығарғаны хабарланған болатын. Көршілер терезе орнату жұмыстары кезінде есіктерді ашып қойған. Бұл өтуге кедергі келтіріп, зейнеткердің ашуын келтірген. Ол сейфтен мылтығын алып, кіреберісте қызы мен анасына оқ жаудырған. Полицейлер келгенде оларға да оқ атқан. Салдарынан ол жедел-тергеу тобының тергеушісін жаралаған. Полиция қаруды қолдануға мәжбүр болып, күдіктіні жаралаған. Ер адам ауруханада қаза болды

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети