10 мамыр 2023 12:07

ІІМ басшысы полицейдің есірткімен ұсталуына қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәжіліс кулуарында ішкі істер министрі Марат Ахметжанов таяуда Қостанайда есірткімен ұсталған полицейге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мәжіліс кулуарында ішкі істер министрі Марат Ахметжанов таяуда Қостанайда есірткімен ұсталған полицейге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ішкі істер министрі қарамағындағы қызметкерді ұстау фактісін растады.

"Қазір бұл іс бойынша тергеу жүріп жатыр. Қылмыс жасайтын әрбір арамзаға біздің заңнамаға сәйкес белгіленген мәжбүрлеу шаралары қолданылады. Оған қатысты бұлтартпау шарасы мен қамауға алу таңдалып қойған. Қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр, оның қорытындысы бойынша кінәлі тұлғалар болса, заңмен белгіленген жауапкершілікке тартылады", - деді Марат Ахметжанов.

Сондай-ақ, ішкі істер министрінің айтуынша, Қостанай облысының полицейлері де жазаланады.

Еске салайық, 5 мамырда Қостанай облысы бойынша ҚМДБ мен Қостанай облысы бойынша ҚАЖД қызметкерлерінің бірлескен іс-шарасының нәтижесінде Қостанайда синтетикалық есірткіні таратқан деген күдікпен полиция қызметкері ұсталған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети