21 мамыр 2021 17:10

Маңғыстау облысында шенеунік пара алғаны үшін 30 миллион төлейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының ТКШ және автомобиль жолдары бөлімі басшылығына пара алу дерегі бойынша үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының ТКШ және автомобиль жолдары бөлімі басшылығына пара алу дерегі бойынша үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2021 жылдың 30 сәуірінде Ақтау қалалық соты Мұнайлы ауданы әкімі аппаратының "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және автомобиль жолдары" ММ басшысы Әбдіхалықовқа 30 миллион теңге айыппұл салды. Сондай-ақ, "Жанрин" ЖШС директоры Сүйінов 15 миллион теңге айыппұл төлейді", - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бигайдаров брифингте.

ТКШ басшысы "Жанрин" ЖШС директорынан орындалған жұмыс актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін бір миллион теңге сомасында пара алды және "Жұмыспен қамту жол картасы - 2020" және "Жұмыспен қамту – 2020" мемлекеттік бағдарламалары аясында жүзеге асырылып жатқан Мұнайлы ауданындағы "кентішілік жолдардың құрылысы" объектісінде жұмыстарды жүргізу кезінде оған одан әрі қамқорлық көрсетті деген күдікке ілінді. 

Айта кетейік, 2020 жылы Мұнайлы ауданындағы Баянды ауылының тұрғындары жолдардағы жаңа асфальт жабынын сынға алған болатын. Олар тасжолдағы жаңа жабынды қолмен оңай бөліп алуға болатынын көрсететін видео жариялаған еді.

Сотқа дейінгі тергеу барысында күдікті қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәсін мойындады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тергеу аяқталғанын мәлімдеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети