26 маусым 2023 12:46

Мемлекетке 100 миллион теңгеден аса залал: Қарағанды ​​облысында жеке кәсіп иесі сотталды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

ҚМА Қарағанды облысы бойынша департаменті жұмыстарды нақты орындамай шот-фактураларды жазып беру дерегі бойынша соталды іс жүргізуді аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚМА Қарағанды облысы бойынша департаменті жұмыстарды нақты орындамай шот-фактураларды жазып беру дерегі бойынша соталды іс жүргізуді аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚМА мәліметінше, халық тұтынатын тауарларды сатумен айналысатын жеке кәсіп иесі оның атынан "ТехнологияГорМаш" және "ТД СнабСервис" ЖШС атына 2019 жылдың сәуірі мен 2020 жылдың қарашасы аралығында тау-кен-шахта жабдықтарына арналған қосалқы бөлшектерге шот-фактуралар жазғаны анықталған.

"Бірақ іс жүзінде бұл тауарларға жеткізушілері болмаған. Қылмыстық әрекеттердің нәтижесінде мемлекетке жалпы сомасы 109 миллион теңгеге жуық ірі залал келтірілді. Сот үкімімен кәсіпкер кінәлі деп танылып, оған коммерциялық ұйымдарда әкімшілік-өкімдік функциялармен байланысты лауазымдарды 5 жыл мерзімге атқару құқығынан айыра отырып, 3,5 жыл мерзімге шартты түрде бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети