"Мұндай хайуан өмір сүрмеуі керек" - өлі табылған Назерке Әріптің анасы айыпталушыға қатаң жаза талап етпек

08 Желтоқсан 2017, 17:36
0
"Мұндай хайуан өмір сүрмеуі керек" - өлі табылған Назерке Әріптің анасы айыпталушыға қатаң жаза талап етпек - Назерке Әріп. Отбасының мұрағатынан
Назерке Әріп. Отбасының мұрағатынан

Алматыда 18 жастағы Назерке Әріпті өлтірді деген күдікпен ұсталған ер адамға қатысты сот отырысы басталады. Tengrinews.kz тілшісімен әңгіме барысында қыздың анасы Сәуле Сарбаева Талғар тұрғынына өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын беруге барын салатынын айтты. 

"2009 жылы өзінің танысын әйелді өлтіргені үшін сотталған. 2020 жылға дейін түрмеде отыру керек болатын, тәртібіне байланысты ерте босатлды. Не ойлайды олар? Оны 15-20 жылға соттап, кейін тәртібіне байланысты тағы да ерте шықса, кейін қылмыс жасамай ма? Ол қылмысын тоқтатпайды. Ойткені ауру. Ол бір ермегі сияқты: өлтіру мен зорлау. Сондықтан оған ең қатал жазаны - өмір бойына бас бостандығынан айырғанын қалаймын. Менің мақсатым осы. Тірі кезінде жазасын алғанын тілеймін. Осыны көріп, аз да болса тыныштық тапқым келеді. Мұндай хайуан өмір сүрмеуі керек", - дейді Сарбаева.  

Бұл іс бойынша сот отырысы жабық түрде өтеді. 

Еске сала кетейік, қыз биыл медициналық ЖОО-ға грантқа түсуді жоспарлаған болатын. Талапкер 10 шілдеде сағат 18.00-ден кейін байланысқа шықпаған. Назеркенің отбасы Алматы маңындағы Талғар ауданында орналасқан Тұздыбастау ауылында тұратын. 

6 қыркүйекте ұшты-күйлі жоғалған 18 жастағы қыз өлі табылған еді. Ал 9 қазанда 33 жастағы күдікті ұсталғаны хабарланған. Ол Алматы облысы, Талғар ауданының тұрғыны. Ер адам жеке меншік жүргізуіші, сол күні қызды алып кетіп, қорлап, қылғындырған. Қылмысын жасыру мақсатында қыздың денесін зираттың маңына қалдырып кеткен.

Ер адам мұның алдында адам өлтіру, зорлау мен тонау үшін үш рет сотталған. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай