05 тамыз 2022 20:23

Нұр-Cұлтанда колония аумағынан тыйым салынған заттары бар пакет табылды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтан қаласы ҚАЖД баспасөз қызметі Нұр-Сұлтан қаласы ҚАЖД баспасөз қызметі

Нұр-Cұлтанда белгісіз біреулер тыйым салынған заттары бар түйіншекті түзеу мекемесі аумағына лақтырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Нұр-Сұлтан қаласы ҚАЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Нұр-Cұлтанда белгісіз біреулер тыйым салынған заттары бар түйіншекті түзеу мекемесі аумағына лақтырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Нұр-Сұлтан қаласы ҚАЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Оқиға елорда колонияларының бірінде болды. Серуендеу кезінде сотталғандардың бірі ауладан шығып кеткен. Оны колония қызметкерлері ұстады. Сотталушының әрекетін анықтау үшін қызметкерлер колония аумағын тексерді. Тексеріс барысында учаскелердің бірінде скотчпен оралған түйіншек табылды", - деді ҚАЖД баспасөз қызметі өкілі.

Баспасөз қызметі мәліметінше, түйіншекте тыйым салынған заттар, яғни ақ түсті ұсақ кристалл тәрізді заты бар қара таспамен оралған түйіншек, сұр-жасыл түсті ұнтақ тәрізді заты бар полиэтилен түйіншегі, белгісіз сұйықтық құйылған пластик ыдыс болған.

Сурет: Нұр-Сұлтан қаласы ҚАЖД баспасөз қызметі

Тәркіленген заттар сараптамаға жіберілген, бұл дерек бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети