1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Қылмыс

Нұр-Сұлтан тұрғыны жалған долларды ұтысқа тіккен 03 қараша 2021, 12:41

28 қазанда Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері  елорда тұрғынын жалған доллар өткізбек болған жерінде ұстады, - деп хабарлайды
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

28 қазанда Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері  елорда тұрғынын жалған доллар өткізбек болған жерінде ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тергеу барысында қылмыс жасаушы бірнеше рет жалған 50 долларды спорттық ойындарға ұтысқа салғаны анықталды.

"Сондай-ақ, оның екі сыбайласы ұсталды, олардың үйінен жалған 7,6 мың доллар анықталды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу соты жоғарыда аталған тұлғаларға 2 ай мерзімге "қамауда ұстау" бұлтартпау шарасын санкциялады", - делінген хабарламада.

Агенттік жалған банкноттарды анықтаған кезде, дереу сенім телефонына хабарлауға шақырады +7 7172 708 478.

Жалған ақшаны анықтау қылмыс емес, бірақ мұндай банкнотты өткізу үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram