29 маусым 2022 09:25

Нұр-Сұлтанда айналымы 10 миллион теңге заңсыз терминалдар анықталды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: видео кадры/ҚМА Фото: видео кадры/ҚМА

Елорда дүкендерінде 10 миллион теңге айналымы бар заңсыз терминал анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.


Елорда дүкендерінде 10 миллион теңге айналымы бар заңсыз терминал анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.

ҚМА Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті рұқсат беру құжаттарынсыз ойын терминалдарын орнатып, заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру дерегі бойынша елорданың екі тұрғынына қатысты қылмыстық істі аяқтады.

"Елорда дүкендерінде заңсыз айналымнан түскен 800 000 теңге ақшасы бар 23 ойын терминалы алынды. Осы ойын терминалдарын орналастырудан заңсыз кіріс сомасы 10 216 000 теңге болды", - делінген хабарламада.

ҚМА мәліметінше, күдіктілерге мүлкі тәркіленіп, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы берілуі мүмкін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети