14 қыркүйек 2021 17:27

Нұр-Сұлтанда қалта ұрыларының әрекеті көрсетілді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда жолаушылар тасымалдайтын автобустарда, базарларда және басқа да адамдар көп жиналатын жерлерде жүретін қалта ұрылары ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Нұр-Сұлтанда жолаушылар тасымалдайтын автобустарда, базарларда және басқа да адамдар көп жиналатын жерлерде жүретін қалта ұрылары ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тәртіп сақшылары мәліметінше, бірнеше рет сотталған 27 және 33 жастағы күдіктілер елордаға Семейден келген.

"Полицейлер олардың қала аумағында бір айда сегіз қалта ұрлығын жасағынын дәлелдеді. Қала тұрғындары арыз түсірген. Барлық жағдайда қаскүнемдер бір схема бойынша әрекет етті: қоғамдық көлікте, базарларда, сауда үйлерінде және адамдар көп жиналатын басқа орында алдын ала таңдалған адамға жақындап, ұялы телефондарын ұрлап кеткен", - делінген хабарламада.

Ұрлық оқиғаларының бірі Момышұлы даңғылы бойында болған. Полиция мәліметінше, күдіктілер кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімнен құны 300 мың теңгеден асатын iPhone 11 ұрлап алған.

Сонымен қатар, Абылай хан даңғылындағы аялдамада күдіктілер қыздың қалтасынан 550 мың теңге тұратын iPhone 12 ұрлап кеткен. Автобус салонынында күдіктілер жолаушының тағы бір айфонын ұрлап кеткен.

"Барлық дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 188-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған, ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды, олардың бұрын елорда аумағында осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Нұр-Сұлтан полиция бөлімі тұрғындарды сақ болуға шақырады", - дейді полицейлер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети