1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Қылмыс

Нұр-Сұлтанда лифтідегі мониторды сындырып кеткен тұрғын жазаланды 06 қыркүйек 2021, 17:21

Нұр-Сұлтандағы "Гранд Астана" тұрғын үй кешенінің лифтінде ер адам мониторды ұрып, сындырып тастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Нұр-Сұлтандағы "Гранд Астана" тұрғын үй кешенінің лифтінде ер адам мониторды ұрып, сындырып тастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға видеосы бірнеше күн бұрын әлеуметтік желілерде таралды.

Полицейлер 32 жастағы тұрғынды ұстаған.

"Қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін ер адамға қатысты ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Сот қаулысына сәйкес, құқықбұзушы 10 тәулікке қамауға алынды.

Нұр-Сұлтан полиция бөлімі тұрғындарды ортақ мүлікке ұқыпты қарауға шақырады және қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін жауапкершілік барын ескертеді", - деді елорда полициясының баспасөз қызметі өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram