1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Қылмыс

Нұр-Сұлтанда мас көлік жүргізуші адам қағып өлтіріп, оқиға орнынан қашып кетті 07 қазан 2020, 17:39

Нұр-Сұлтанда мас көлік жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық Полиция
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Нұр-Сұлтанда мас көлік жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап. 

"6 қазан сағат 21:19-да ZAZ Chance маркалы көлігін тізгіндеген мас жүргізуші Кекілбаев көшесімен келе жатып Қайсенов көшесінің қиылысында бағдаршамға назар аудармай, жаяу жүргіншіні қағып кетті", - дейді полиция өкілдері. 

28 жастағы ер адам бағдаршамнан өтуге рұқсат берілгеннен кейін жаяу жүргіншілер жолымен өтіп бара жатқан. Жаяу жүргінші алған жарақат салдарынан оқиға орнында көз жұмды. 

Оқиға орнынан қашып кеткен күдікті сағат 21:22-де қиылыста тұрған Lexus маркалы көлігімен соқтығысқан. Мас жүргізуші көлігін тастап, оқиға орнынан жаяу қашып кеткен. 

Лексусте отырған аяғы ауыр жолаушы аурухана жеткізіліп, дәрігерлердің қарауынан кейін үйіне жіберілді. Артынша полицейлер 23 жастағы жүргізушіні ұстады. 

"Медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, ол мас күйінде болған. Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 345-1-баптарының 3 және 347-бөліктері бойынша тергеу жүріп жатыр. Жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп хабарлады полиция өкілдері. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 



Join Telegram