22 сәуір 2022 11:34

Нұр-Сұлтанда оқушы қызға тиіскен ер адам 10 тәулікке қамалды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Нұр-Сұлтанда үйдің кіреберісінде оқушы қызға тиіскен ер адам 10 тәулікке қамалды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінен хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұр-Сұлтанда үйдің кіреберісінде оқушы қызға тиіскен ер адам 10 тәулікке қамалды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінен хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полиция департаментінің мәліметінше, жас жігіттің үстінен ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабымен іс қозғалған.

"Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен ол 10 тәулікке қамауға алынды", - деп хабарлады ПД.

Еске салайық, елордалық полицияға қала тұрғынынан кешкі уақытта белгісіз ер адам үйінің кіреберісінде 16 жастағы қызына тиіскені туралы хабарлама түскен.

"Іздестіру шараларын жүргізу барысында 20 жастағы студент ұсталды. Биылғы жылдың 18 сәуірінде жас жігіт аялдамада қызды кездестіргені анықталды. Автобуспен бірге жүріп, оның соңынан ерген. Үйінің кіреберісінде онымен таныспақ болады. Бірақ қыз қарсылық білдірген соң оны еркінен тыс қорламақ болған", - делінген хабарламада. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети