Нұр-Сұлтанда психдиспансерден қашып кеткен адам ұсталды

10 Қазан 2019, 09:18
0
Нұр-Сұлтанда психдиспансерден қашып кеткен адам ұсталды -

Зорлау ісі бойынша күдікке ілінген Нұр-Сұлтанда психдиспансерден қашып кеткен адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"22:40-та Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің қызметкерлері жедел іздеу кешенді шаралары барысында 9 қазанда шамамен 12:22-де Жансүгіров көшесінің бойында орналасқан денсаулығында психикалық ауытқуы бар адамдарды емедеу медициналық орталықтан қашып кеткен ер адамды ұстады. Ол тергеуде жүрген. Оны уақытша ұстау изоляторына қамады. Тергеу жүріп жатыр", - делінген хабарламада. 

Полицияда қаладан шығатын аумақта іздестіру шараларын жүргізу барысында мәжбүрлі қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады.

 
Айта кетейік, осыған дейін 9 қазанда шамамен 12:22-де Жансүгіров көшесінің бойында орналасқан денсаулығында психикалық ауытқуы бар адамдарды емедеу медициналық орталықтан қашып кеткен ер адамды ұстады. Медициналық орталыққа түскенге дейін оған ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы ("Зорлау") бойынша айып тағылған. 

Полицейлердің айтуынша, күдікті медициналық орталыққа сараптамадан өту үшін жеткізілген. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай