19 маусым 2021 15:15

Нұр-Сұлтанда сауна әкімшілері жеңгетайлықпен айналысқаны үшін ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: 123rf.com Фото: 123rf.com

Жеңгетайлықпен айналысқан елордадағы сауна мен массаж салонының әкімшілері ұсталды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Жеңгетайлықпен айналысқан елордадағы сауна мен массаж салонының әкімшілері ұсталды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полиция ақпараты бойынша, қала аумағында 16-18 маусым аралығында полиция қызметкерлері "Қорғау" үкіметтік емес ұйымымен бірлесіп "STOP трафик" республикалық жедел-алдын алу іс-шарасын өткізген.

Жыныстық қызмет көрсететін 20 қыз бен жеңгетайлықпен айналысатын 3 адам анықталды, олар мамандандырылған есепке алынды.

Ақжүніс көшесіндегі коттеджде полицейлер массаж салонының астында жұмыс істейтін секс-притонды тапты, онда екі әкімші жеңгетайлықпен айналысқан.

Массаж салонындағы рейдтік іс-шаралар барысында полицейлер клиенттен интим қызметтері үшін 60 мың теңге алған 23 жастағы қызды ұстады.

Сондай-ақ, үш саунаның әкімшілері ұсталды, олар клиенттерді жеңіл жүрісті қыздармен байланыстырған. Әр қыздан 10-нан 12 мың теңгеге дейін ақша алған. Барлық мекеме әкімшілеріне қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

Сонымен қатар, жедел алдын алу іс-шарасы барысында жезөкшелікпен айналысуға немесе жеңгетайлық үшін үй-жайды жалға берудің 3 дерегі анықталды. Заңнаманы бұзған тұрғын үй иелеріне әкімшілік іс қозғалды. Баптың санкциясы 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салуды көздейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети