18 қыркүйек 2021 17:41

Нұр-Сұлтанда түн ішінде көліктерді қиратқан тұрғын ұсталды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Нұр-Сұлтанда ер адам тұрғын үй кіреберісінде бұзақылық жасап, тұрақта тұрған көліктерді қиратты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық Полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Нұр-Сұлтанда ер адам тұрғын үй кіреберісінде бұзақылық жасап, тұрақта тұрған көліктерді қиратты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық Полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

18 қыркүйекте сағат 00.18-де "102" арнасына Омаров көшесіндегі тұрғын үй ауласында мас ер адам тұрақта тұрған көліктер терезесін сындырып, алдыңғы есігін бүлдіргені туралы хабарлама түскен.

"Әріптестерімен бірге ішімдік ішкеннен кейін, демалушылардың бірі кіреберіске шыққан. Ол сонда тұрған балалар скутерін алып, әйнектермен есіктерді сындырған. Кейін ол көшеге шығып, тұрғындардың көліктерін скутермен ұрып, терезелерін сындырған. Жалдамалы пәтерде жиналғандар арасында жанжал шығып, арты төбелеске ұласқаны белгілі болды", - деді Нұр-Сұлтан ПД баспасөз қызметі өкілдері.

Барлық тәртіпбұзушы анықталып, полицияға жеткізілді. Бұл факт бойынша "Есіл" ауданының полиция басқармасы "Бұзақылық" бабы бойынша соталды тергеуді бастады.

Тәртіп сақшылары тұрғындарға түнде қоғамдық тәртіпті және тыныштықты бұзбауды ескертеді. Сондай-ақ, ортақ мүлікке зиян келтіргені үшін жауапкершілік барын еске салады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети