01 тамыз 2016 11:31

ОҚО-да жанармай құю бекетіне қарақшылық шабуыл жасаған екі жігіт ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ОҚО ІІД баспасөз қызметі © ОҚО ІІД баспасөз қызметі

ОҚО полицейлері Сарыағаш ауданында бірнеше қарақшылық шабуыл дерегіне күдікті екі азаматты құрықтады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


ОҚО полицейлері Сарыағаш ауданында бірнеше қарақшылық шабуыл дерегіне күдікті екі азаматты құрықтады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2016 жылдың 21 шілдесінде Сарыағаш АІІБ-на кезекші бөліміне 1983 жылы туылған жергілікті тұрғынның жылы жайына қарақшылық шабуыл жасалғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлерінің анықтағаны, түнгі уақытта беттеріне бетперде киген және қаруланған белгісіз тұлғалар оның шаруашылық алқабына баса-көктеп кіріп, жұмысшыларға физикалық күш қолданып және қарумен қорқытып, ұялы телефондары мен екі бас қойын алып, содан соң маркасы BMW автокөлігіне мініп, оқиға орнынан бой тасалаған. Жәбірленушілерге жалпы 200 мың теңгеден астам шығын келтірген", - дейді полициядағылар.

"Арада біршама уақыт өткен соң полицияға Жетісай - Жібек жолы трассасында орналасқан жанар-жағармай құю бекетінің қызметкерлері хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жедел жеткен тәртіп сақшыларының анықтауы бойынша, беттеріне бетперде киген және қаруланған белгісіз тұлғалар бекеттің ғимаратына баса-көктеп кіріп, қызметкерлерге физикалық күш қолданып және қарумен қорқытып, ұялы телефондары мен кассадағы 100 мың теңгеден астам қаржыны жымқырып кеткен", - дейді ОҚО ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Сарыағаш АІІБ қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті 1986 және 1988 жылдары туылған жергілікті тұрғындарды құрықтп, олардың бірі алдын сотты болғандығын анықтаған. Күдіктілерден табылған травматикалық қару мен автокөлікті полицейлер айғақ зат ретінде тәркіленген.

Осы іс бойынша ҚР ҚК-нің екі бабымен, 192-бап "Қарақшылық" және 287-бап "Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тастамсталдау немесе алып жүру" қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер қамауда.

Қазіргі таңда тәртіп сақшылары қарақшылық шабуылға қатысы бар басқа да күдіктілерді іздестіруде. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети