31 наурыз 2018 11:02

ОҚО-да мешіттің бас имамы терроризмді насихаттаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© антисекта.рф © антисекта.рф

Терроризмді насихаттаған имам сотталды, деп хабарлады otyrar.kz.


Терроризмді насихаттаған имам сотталды, деп хабарлады otyrar.kz.

Порталдың хабарлауынша, ОҚО, Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылындағы орталық мешіттің бұрынғы бас имамы үш жылға бас бостандығынан айырылды.

"Қызметін атқарып жүріп терроризмді насихаттап және осындай мазмұндағы материалдарды таратып, уағыздағаны үшін оған ҚР ҚК 174-бабы 2-бөлігімен айып тағылды", - делінген жарияланымда.

Сонымен қатар, дәл осындай сипаттағы айыптармен, яғни әлеуметтік желілерде терроризмді насихаттайтын хабарламалар таратқаны үшін Сайрам ауданының тұрғыны бес жылға бас бостандығынан айырылды. Оған ҚР ҚК 256-бабы 1 және 2-бөліктерімен айып тағылған. Ол ВКонтакте және WhatsApp желілері арқылы терроризмді насихаттаған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети