11 мамыр 2018 17:35

Оқушыны ұрды деп айыпталған шенеунік сот үкімін күтіп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

КТК телеарнасының кадры КТК телеарнасының кадры

Қорғалжын округінде ауыл әкімі болған Жанат Омаров оқушыны ұру ісі екі жақтың мәмілеге келуі бойынша істің тоқтатылмағанын айтты. Оның айтуынша сот ісі жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қорғалжын округінде ауыл әкімі болған Жанат Омаров оқушыны ұру ісі екі жақтың мәмілеге келуі бойынша істің тоқтатылмағанын айтты. Оның айтуынша сот ісі жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Осыған дейін БАҚ беттерінде облыс әкіміне сілтеме жасап, Қорғалжын округінің әкімі оқушыны ұру ісі екі жақтың мәмілеге келуіне байланысты тоқтатылғаны жайлы айтылған еді. 

"Іс жабылған жоқ. Сот жүріп жатыр. Істі Қорғалжын аудандық соты қарап жатыр. Мен отбасынан кешірім сұрадым, алайда баланың анасы мәмілеге келуден бас тартып, сот процесінің жалғасуын талап етті", - деді Омаров. 

Бұрынғы әкімнің сөзін Ақмола облыстық сот баспасөз қызметі растады. "2018 жылы 19 сәуірде комиссиялық сараптама тағайындалды және сот соның нәтижесін күтіп отыр. Баланың денсаулығына қаншалықты зиян келгенін анықтау үшін сараптама тағайындауды жәбірленуші тарап сұрады", - деді облыстық сот баспасөз қызметінің басшысы Күләш Домалақова. 

Еске салайық, Қорғалжын ауданындағы ауыл әкіміне қатысты айыптаулар Facebook желісінде тарай бастады. Оқушының анасы ұлы мен Жанат Омаров арасындағы жанжал туралы баяндаған. Оның айтуынша, жанжалды мектеп мұғалімі тоқтатқан, алайда әкім асханаға келіп, баланы ұрып-соққан. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети