14 ақпан 2017 13:25

"Өлім ойындары" Қазақстан аумағында бұғатталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Instagram © Instagram

Алматының Наурызбай аудандық сотының үкімімен "ВКонтакте" әлеуметтік желісіндегі "Синий кит/хочу в игру/тихий дом/море китов/я в игре" топтары бұғатталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматының қалалық сотының сайтына сілтеме жасап.


Алматының Наурызбай аудандық сотының үкімімен "ВКонтакте" әлеуметтік желісіндегі "Синий кит/хочу в игру/тихий дом/море китов/я в игре" топтары бұғатталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматының қалалық сотының сайтына сілтеме жасап.

"Наурызбай аудандық сотының шешімімен Қазақстан Республикасының аумағында балаларды суицидке насихаттайтын шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өнімін таратуға тиым салынды", - дейді Наурызбай ауданы баспасөз қызметінің өкілдері.

Іс материалы бойынша "ВКонтакте" әлеуметтік желісіндегі "Синий кит/хочу в игру/тихий дом/море китов/я в игре" топтары бар. Бұл топтарда балаларды өзіне қол жұмсауға шақырған, соның ішінде аркадалық ойындар жолымен.

Еске салайық, "Отбасы және отбасылық құндылықтарды қолдау бойынша қазақстандық ата-аналардың қауымдастығы" республикалық қоғамдық ұйымы азаматтарды балаларын өлімге апаратын "Синий кит" (Тихий дом") деп аталатын ойынынан қауіпсіздендіруге шақырды. 

Ассоциация мамандары осы ойынның әлеуметтік желіде егжей-тегжейлі қалай ойналатыны шыққаннан кейін ескертеді. ВКонтакте желісінде "Синий кит" және "Тихий дом" топтарында балалар мен жасөспірімдерді осылай аталатын ойынға шақырады екен. Қолданушылардың айтуынша, ойынға кірген балалар 50 тапсырма орындауы қажет, оның ішінде тамырыңды кесу керек және қолыңа киттің суретін салу керек деген сияқты тапсырмаларды орындау қажет, соңында олар өздеріне қол жұмсауы тиіс. Финалдық тапсырма міндетті түрде орындалуы керек, әйтпесе ұйымдастырушылар баланың туыстарын өлтіреміз деп қорқытады екен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.35   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети