21 сәуір 2022 09:45

"Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының бұрынғы басшысы қамаудан босатылды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ec-sport.kz/©Мұхит Қонаров Фото: ec-sport.kz/©Мұхит Қонаров

"Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының бұрынғы қолбасшысы Қайдар Қарақұлов қамаудан босатылды. Ақпаратты ІІМ Тергеу департаментінің Әскери тергеу басқармасы растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының бұрынғы қолбасшысы Қайдар Қарақұлов қамаудан босатылды. Ақпаратты ІІМ Тергеу департаментінің Әскери тергеу басқармасы растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасының қажеттілігі болмауына байланысты Бас прокурордың көмекшісі Қарақұловты уақытша ұстау изоляторынан босатты", - делінген хабарламада.

Соталды тергеу жалғасып жатыр.

Бұған дейін "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының бұрынғы қолбасшысы Жамбыл облысындағы өрт пен жарылыс дерегі бойынша қылмыстық іс аясында күдікті деп танылып, уақытша ұстау изоляторына қамалғаны хабарланған болатын.

Еске салайық, 26 тамызда Байзақ ауданында 28349 әскери бөлімінің аумағында өрт пен жарылыс болып, 17 адам қаза тапты. Бір адам хабар-ошарсыз кетті. Қаза болғандардың арасында төтенше жағдайлар департаментінің, прокуратура қызметкерлері мен әскери қызметшілер бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети