07 ақпан 2015 | 17:00

Оңтүстіктегі тәртіпсіздікке себепкер болған адам Өзбекстаннан ұсталды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото oren.ru сайтынан Фото oren.ru сайтынан

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Ынтымақ ауылының тұрғынын өлтіруге күдікті адам Өзбекстанда ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Ынтымақ ауылының тұрғынын өлтіруге күдікті адам Өзбекстанда ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Қазақстан полициясының күшімен Өзбекстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерлерімен бірге Оңтүстік Қазақстан облысы Ынтымақ ауылының тұрғынын өлтіруге күдікті адам ұсталып, Қазақстанға экстрадицияланды", - делінген таратылған хабарламада. Қазіргі уақытта ұсталған адам Оңтүстік Қазақстан облысы ІІД тергеу изоляторына қамалды. Қылмысты тергеумен ҚР ІІМ тергеу департаменті мен ОҚО ІІД қызметкерлерінен тұратын арнайы тергеу-жедел тобы айналысып жатыр. 

Еске салайық, 4 ақпан күні Сарыағаш ауданының Бостандық елді мекені маңынан Ынтымақ ауылы тұрғынының пышақ салынған денесі табылған еді. Кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кейін полиция оқиғаға күдіктіні анықтады. Ол - Бостандық ауылының 1976 жылы туған Н.Нарметов деген тұрғыны. Күдікті марқұмның жылыжайын жалға алатын болған, олардың арасында жалға алуға қатысты келіспеушілік туған, мұның ақыры күдіктінің жылыжай иесін өлтіруге әкеліп соқты. 

"5 ақпан күні Б.Артықовтың (қаза тапқан ер адам) ауылдастарынан тұратын бір топ жігіт Н.Нарметов тұратын жерде тәртіпсіздік жасады, соның салдарынан бірнеше автокөлік өртеніп, аударып тасталды. Жақын маңдағы үйлерге зақым келді. Бұдан кейінгі бұзақылық әрекеттерді оқиға орнына келген полиция қызметкерлері тоқтатты. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ", - деп хабарлады полицейлер. Қазір Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету шаралары жүргізіліп жатыр, жағдайды ішкі істер қызметкерлері бақылауға алған. 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 529.94  course up  546.67  course up  5.21  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer