16 қыркүйек 2021 12:32

Орал тұрғындары орманда ірі көлемде есірткі жасырған

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған Видеодан алынған

Батыс Қазақстан облысының Полиция департаменті қызметкерлері синтетикалық есірткінің ірі партиясын тәркіледі. Күдіктілер заңсыз заттарды орманда жасырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Батыс Қазақстан облысының Полиция департаменті қызметкерлері синтетикалық есірткінің ірі партиясын тәркіледі. Күдіктілер заңсыз заттарды орманда жасырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полиция мәліметінше, мұқият дайындалған арнайы операция нәтижесінде күдіктілер құрықталған. Есірткі заттарын сатуды ұйымдастырғаны үшін 20 және 21 жастағы Орал тұрғындары ұсталған.

"Орманды, сондай-ақ күдіктілердің тұрғылықты жерін тінту кезінде бір келіден аса ұнтақ тәрізді препараттар мен 55 амфетамин таблеткалары, сондай-ақ 500 граммға жуық шөп тектес препараттар тәркіленді. Шара нәтижесінде 4300 данадан аса синтетикалық есірткінің таралуына жол берілмеді", - деді ол БҚО полиция департаментінің бастығы Махсудхан Әбілазимов.

Дерек бойынша қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Ұсталғандар мүлкін тәркілей отырып он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Полиция департаменті мәліметінше, жыл басынан бері өңірде есірткі бизнесіне қатысты 66 қылмыс анықталған, оның 23-і есірткі сатумен байланысты. Заңсыз айналымнан 50 келіден аса есірткі алынды, оның ішінде 1,3 келісі синтетикалық есірткі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети